Орнату, баптау, жөндеу және кепілді қызмет көрсетуге байланысты барлық мәселелер бойынша сервис орталықтарына жүгініңіз:
Кепілдік сұрақтары бойынша Сервис орталықтарына хабарласу жөніндегі еске салу
Сервис орталықтарына тиімді жүгіну және жедел әрекеттесу үшін қолданушыдан төмендегі ақпарат қажет:
1. Т.А.Ә., қала, мекенжай
2. Кепілдік талоны, чек/құжат, бұйымның артикулы және атауы
3. Ақауды көрсететін қысқа видео/фото
WhatsApp арқылы өтінімдерді Call-орталықтар қабылдайды:
Алматы қ.:
тел.: +7 702 322 3737
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – Жұма, 08:00-ден 19:00-ге дейін
Сенбі – 09:00-ден 16:00-ге дейін
Астана қ., Қарағанды қ.:
тел.: +7 701 066 6001
Жұмыс уақыты:Дүйсенбі – Жұма, 10:00-ден 18:00-ге дейін
Өтінімге жауап беру – жұмыс күні ішінде орындалады.
Қажет болған жағдайда маманның баруы 3 жұмыс күні ішінде қолжетімді.
Күтіп ұстау жөніндегі ұсынбалар
Заманауи сантехникалық жабдықтар, асүй крандары, душтар, керек-жарақтар, қол жуғыштар, раковиналар, ванналар және радиаторлар дизайн мен функционалары тұрғысынан нарық қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі материалдардан жасалған. Бүлдіріп алмау және шағымданудың алдын алу үшін пайдалану кезінде де, соңынан тазалау кезінде де белгілі бір өлшемшарттарды сақтау қажет.
Hansgrohe бұйымдарын тазалау кезінде оларды бүлдіріп алмау үшін келесі бірқатар ережелерге құлақ асыңыз:
• Тек белгілі бір пайдалану саласына арналған арнайы құралдарды қолданыңыз.
• Құрамында тұз қышқылы, құмырсқа қышқылы, натронды сілті, сірке қышқылы және жебір хлор қосылған ағартқыш сілтісі бар тазартқыш заттарды қолданбаңыз, себебі олар көптеген ақауларға себеп болуы мүмкін.
• Фосфор қышқылы бар құралдарға ғана рұқсат етілуі мүмкін.
• Жуғыш заттарды бір-бірімен араластыруға болмайды.
• Абразивті тазартқыш құралдарды (тазартқыш ұнтақтар, абразивті губкалар және микроталшықты материалдар) пайдаланбаңыз.
• Тазартқыш құралды өндірушінің нұсқауларын қатаң ұстаныңыз.
• Тазалау белгілі бір тазарту объектісіне арналған құралдың көзделген мөлшерлемесін және әсер ету ұзақтығын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
• Үнемі тазалап тұру жуылуы қиын әктас қағының пайда болуына жол бермеуге көмектеседі.
• Егер сіз аэрозоль қолданатын болсаңыз, алдымен өнімді шүберекке немесе губкаға бүркіп көріңіз. Өнімді Hansgrohe бұйымдарына тікелей бүркімеңіз, өйткені тесіктерін немесе саңылауларын бітеп тастауы мүмкін.
• Тазалағаннан кейін бұйымды сумен жақсылап шайыңыз, тазартқыш құрал мен өнімнің қалдықтарын әбден кетіріңіз. • Бумен тазартқыштарды қолданбаңыз. Жоғары температура бұйымды бүлдіруі мүмкін
Маңызды нұсқаулар:
Сұйық сабын, сусабындар, душқа арналған гельдер, шаш бояуы, әтірлер, қырынуға арналған құралдар және лак сияқты дене күтімі өнімдерінің қалдықтары да бұйымға зиянын тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда да: пайдаланғаннан кейін қалдықтарды сумен жақсылап шайыңыз. Бұйымдардың, мысалы, қол жуғыштың астындағы шкафта тазартқыш құралдар мен химиялық заттарды сақтауға болмайды. Олар буланғанда бұйымды бүлдіруі мүмкін. Егер бұйымның беті бұрыннан бүлінген болса, жуғыш заттардың әсерінен ақаулары күшейе түседі"