Tecturis: сылдырап аққан су шабыт береді

hansgrohe жаңа өнімдері
Ванна бөлмесін өз арманыңызға сәйкестендіріңіз: Тecturis S және Тecturis E минималистік келбеті судың эстетикасы мен функционалдық көркемдігін көрсетеді. Судағы шеңберлер сияқты дөңгелек немесе су ағыны сияқты түзу. Араластырғыштардың екі желісінің арқасында сіз кез-келген стиль мен дизайн бойынша дұрыс таңдау жасайсыз. Олар үнемділікпен үйлескен эстетика мен жайлылықтың бейнесі тәрізді.

Екі жаңа архитектоникалық араластырғыш желісі – судың бағасын білетіндер үшін

Сәулет пен дизайнды керемет ететін не? Жоқ, пішіндер емес, материалдар және функциялар. Олардың тудыратын сезімдері: батылдық, дәстүрге бейімділік, ерекшелік. Tecturis көмегімен сіз архитектоникалық қағидаттар, жайлылық, функционалдылық және тұрақтылық тоғысатын жеке кеңістік туралы арманыңызды жүзеге асыра аласыз. Tecturis – бұл жинақы дизайн мен таза судан ләззат алудың тамаша қоспасы. Жаңа нansgrohe араластырғыштары ванна бөлмесін тартымды өмір сүру кеңістігіне айналдырады, ал күнделікті жуыну эстетикалық рахатқа айналады. Сіз сәл доғалдау келген дизайн (Tecturis S) немесе тік бұрышты дизайн (Tecturis E) екеуінің бірін таңдай аласыз.

Сіздің сүйікті араластырғышыңызға арналған сәнді қара күңгірт түс сізге ұнай ма? Немесе қола реңк пе? Tecturis желісінде FinishPlus "хром", "қара күңгірт", "ақ күңгірт" және "тегістелген қола" беттері бар, олар жуыну аймағына даралық сипатын береді. Tecturis өнімдерін FinishPlus беті бірдей hansgrohe өнімдерімен сәйкестендіріңіз.

Tecturis S: сылдырап аққан су шабыт береді

Араластырғыштың жұмсақ пішіндерінен ләззат алыңыз: Tecturis S судың жұмсақтығы мен сыбдырлаған ағыны сияқты. Талғампаз дөңгелек дизайны және жұмсақ сызықтары денені толықтай босаңсытуға, адамның өзін жақсы сезінуіне мүмкіндік береді. Аэратор араластырғыштың шүмегіне әп-әдемі түрде жасырынған – бұл минималистік дизайн. ComfortZone сырбаз көрінісі мен үлкейтілген аймағының арқасында сіз қолжуғыш айналасын кеңейте аласыз.
Tecturis S басқа hansgrohe өнімдерімен керемет үйлеседі. Сонымен Pulsify S қол душы душ бөлмесіндегі пішіндердің дөңгелек сипатына сай келеді. Tecturis S ванна бөлмесіне арналған Xelu Q жиһазымен бірге үйлесімді көрінеді. Қолжуғыш пен жиһаздың доғал бұрыштары Tecturis S жұмсақ сызықтарымен тамаша тоғысады.

Tecturis S: функционалдылық басты назарда

Tecturis E: су мөлдірлігінің көрсеткіші

Пішіндердің минимализмін ұнатасыз ба? Содан кейін максималды жайлылық дәрежесі бар Tecturis E желісін ашыңыз. Tecturis E судың тазалығы мен энергиясын тік бұрышты дизайнға ұластырады. Тігінен құйылатын судың үздіксіз ағынын сезінуге мүмкіндік береді. Айқын қырлары мен мінсіз кіріктірілген дөңгелек картридж ванна бөлмесінің эстетикалық көрінісін аяқтайды. Tecturis E көмегімен жуыну аймағы әсерлі дизайн шешіміне айналады.
Tecturis араластырғыштары ComfortZone биіктігінің әртүрлі нұсқалары және орнату әдістері үшін қолжетімді, мысалы, керамикалық қолжуғышқа арналған классикалық араластырғыш немесе екі саңылаулы қабырғалық араластырғыш. Басқарудың одан бетер жайлы болғанын қалайсыз ба? Екі саңылаулы қолжуғыштың араластырғышында басқару элементін бөлек орналастыруға болады: қолжуғыштың немесе консольдің алдыңғы шетіне.

Таптырмас нәрсе – планета үшін де солай

Tecturis ЕcoSmart + жүйесімен жабдықталған, бұл 3 бар қысыммен су шығынын минутына 4 литрге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді - судың да сұрауы бар, алайда қуанышыңызда шек жоқ. EcoSmart көмегімен су мен электр энергиясының төлемдерін жылына 160 еуроға дейін үнемдеуге болады!* hansgrohe AirPower үнемді тұтынуға ықпал етеді, өйткені су ауаға қанығады, СoolStart технологиясы энергияны үнемдейді. Қоршаған орта мен қалтаңыз үшін пайдалы!
* Бұл есептеулер келесі бастапқы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады: Төрт адамнан тұратын германиялық отбасы. Газдың құны – 18 цент/кВт·сағ, су – 6,7 €/1000 л. EcoSmart орнатылмаған қарапайым hansgrohe өнімдерімен салыстырылған.

Сервис
Орнату, баптау, жөндеу және кепілді қызмет көрсетуге байланысты барлық мәселелер бойынша сервис орталықтарына жүгініңіз:

Алматы қ.
тел.: +77766223737, +77023223737,
e-mail: info@anp.kz

Астана және Қарағанды қалалары
тел.: +7 701 066 6001, e-mail: molot-pro@bk.ru

Күтіп ұстау жөніндегі ұсынбалар

Заманауи сантехникалық жабдықтар, асүй крандары, душтар, керек-жарақтар, қол жуғыштар, раковиналар, ванналар және радиаторлар дизайн мен функционалары тұрғысынан нарық қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі материалдардан жасалған. Бүлдіріп алмау және шағымданудың алдын алу үшін пайдалану кезінде де, соңынан тазалау кезінде де белгілі бір өлшемшарттарды сақтау қажет.

Hansgrohe бұйымдарын тазалау кезінде оларды бүлдіріп алмау үшін келесі бірқатар ережелерге құлақ асыңыз:


• Тек белгілі бір пайдалану саласына арналған арнайы құралдарды қолданыңыз.
• Құрамында тұз қышқылы, құмырсқа қышқылы, натронды сілті, сірке қышқылы және жебір хлор қосылған ағартқыш сілтісі бар тазартқыш заттарды қолданбаңыз, себебі олар көптеген ақауларға себеп болуы мүмкін.
• Фосфор қышқылы бар құралдарға ғана рұқсат етілуі мүмкін.
• Жуғыш заттарды бір-бірімен араластыруға болмайды.
• Абразивті тазартқыш құралдарды (тазартқыш ұнтақтар, абразивті губкалар және микроталшықты материалдар) пайдаланбаңыз.
• Тазартқыш құралды өндірушінің нұсқауларын қатаң ұстаныңыз.
• Тазалау белгілі бір тазарту объектісіне арналған құралдың көзделген мөлшерлемесін және әсер ету ұзақтығын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
• Үнемі тазалап тұру жуылуы қиын әктас қағының пайда болуына жол бермеуге көмектеседі.
• Егер сіз аэрозоль қолданатын болсаңыз, алдымен өнімді шүберекке немесе губкаға бүркіп көріңіз. Өнімді Hansgrohe бұйымдарына тікелей бүркімеңіз, өйткені тесіктерін немесе саңылауларын бітеп тастауы мүмкін.
• Тазалағаннан кейін бұйымды сумен жақсылап шайыңыз, тазартқыш құрал мен өнімнің қалдықтарын әбден кетіріңіз. • Бумен тазартқыштарды қолданбаңыз. Жоғары температура бұйымды бүлдіруі мүмкін


Маңызды нұсқаулар:

Сұйық сабын, сусабындар, душқа арналған гельдер, шаш бояуы, әтірлер, қырынуға арналған құралдар және лак сияқты дене күтімі өнімдерінің қалдықтары да бұйымға зиянын тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда да: пайдаланғаннан кейін қалдықтарды сумен жақсылап шайыңыз. Бұйымдардың, мысалы, қол жуғыштың астындағы шкафта тазартқыш құралдар мен химиялық заттарды сақтауға болмайды. Олар буланғанда бұйымды бүлдіруі мүмкін. Егер бұйымның беті бұрыннан бүлінген болса, жуғыш заттардың әсерінен ақаулары күшейе түседі"

Пайдалы сілтемелер:

Нansgrohe өнімдерінің сервисі мен монтажы бойынша бейне шолулар ұсынамыз
Жаныңыздағы сауда нүктелерін табу
Біздің серікктестер
«Acapell» салоны, Муканов көшесі 159
Тел.: +7 701 766 1754

"Bath & Tile" Тимирязев көшесі 82
Тел.: +7 (727) 275 50 36

Zentrum Жібек жолы көшесі 135,
Жібек Жолы көшесі 2 қабат литер В 6аZ
+7 (701) 787 63 01

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 1 павильон No 16
Тел.: +7 727 395 59 29

Сантехника салоны, Сәтпаев көшесі 2
Тел.: +7 (727) 248 01 16

Sumom.kz, Мақатаев көшесі 158
Тел.: +7 (777) 591 55 75

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 4 павильон
Тел.: +7 707 415 1239

«Sanelite» Сантехника салоны
ТЦ "Саламат - 3", Нижний торговый зал, Бутик 58
Тел.: +7 (777) 361 02 00

"Tasti" Сантехника салоны
Қабдолов көшесі 1/8, Армада СК ряд 1, линия А, бутик 02
Тел.: +7 (775) 885 68 54

SANSTORE
Калкаман-2, Талжанов көшесі,54
Тел.: +7 (700) 339 30 93

NEOceramica
Цветочная көшесі, 1е
Тел.: +7 (700) 380-96-95

Мастерская Уюта
Навои көшесі, 328а
Тел.: +7 (707) 573 30 40


"Bath & Tile" Дауылпаз көшесі, 11
Тел.: +7 (7172) 76 97 61

Frank.elite, 38 көшесі, 11, Capital Park Flowers, 4 кеңсе
Тел.: +7 (705 )880 68 68

Megastroy, Сембинов көшесі, 19/1
Тел.: +7 (7172) 52 16 16

Мастерская Уюта, Мәңгілік Ел даңғылы, 52 блок B2
Тел.: +7 (776) 911-01-11

Nurai Invest, Ч. Айтматова көшесі 33
Тел.: +7 (777) 563 22 33

NEOceramica, Әл-Фараби даңғылы, 96 (Ескі мекенжай Байырқұм, 14)
Тел.: +7 (775) 080-98-

SANSTORE, Александр Пушкин көшесі , 55/3102 офис; 1 қабат
Тел.: +7 (701) 982 39 83

КОМФОРТ, Сауран көшесі, 8
Тел.: + 7(702) 000 05 05
"МЕГА арт" дүкен
Жібек Жолы көшесі нөмірсіз (Рем. зона аялдамасы)
Тел.: +7 777 017 0117

Мастер Лес
Тостой көшесі 35
Тел.: +7 (705) 888 24 90
Sumom.kz, Язев көшесі 14/1, Проспект СОО (астыңғы қабат)
Тел.: +7 (777) 591 55 75


«Kerama Center Luxury» Орбита-1 шағын ауданы, 17/2 учаскесі
Тел.: +7(702) 270 51 15 +7(707) 305 06 26

"Дом Кафеля" салоны
Потанин көшесі 25/3
Тел.: +7 (7232) 54 13 61
BonTon,
Орманшы көш. 1/1
Тел.: +7 (700) 911 88 88, +7 (708) 434 24 47
Nurai Invest
Некрасов көш., 125
Тел.: +7 (7132) 90‒93‒55